Балалардың ойын алаңқайы кімге тиесілі?

398

Балалар ойнайтын құрылғылар орналасқан мына бір жапырақ жер «Жилстройсервис» құрылыс компаниясының көз құртына айналған. Жергілікті билік жақында ғана арнайы бағдарламамен күрделі жөндеу жүргізген ойын алаңқайын құрылысшылар қазғалы бері бұлдіршіндер мұнда аяқ баспайтын болған. Себебі, жас пен жасамысқа бұл жерге келу аса қауіпті.

vlcsnap-2014-07-31-18h45m53s183

vlcsnap-2014-07-31-18h44m32s152

Серік Үмбетов, 14 «А» үйдің тұрғыны: «Бір кісі ана жерден құлап, аяғын жарақаттап алды. Ол да сотқа берем деп ед, бірақ, біздің қазақ адам ғой, кейіннен бір-екі күннен соң басылды да сонымен қойды.»

vlcsnap-2014-07-31-18h40m25s5

 

Көп қабатты 14 «А» үйдің ауласына «ауыз» салған «Жилстройсервис» құрылыс компаниясының өкілдері мөрі жоқ, тіркеу нөмірі жоқ бір құжатты көрсетіп, тұрғындарға «Бұл жер біздікі» депті. Алайда ол қағазға иланбаған жергілікті жұртшылық аула ортасына қағылған қаданы жұлып, құрылысшыларды қуып шығыпты. Өйткені, бұған дейін де шағынаудандағы балабақша мен мектепті құртқан дейді мұндайлар.

vlcsnap-2014-07-31-18h48m42s114

Тұрсынбек Сүлейменов, 14 «А» үйдің тұрғыны: «Біздің президентіміз «Бұрынғы жекешелендіріп кеткен балабақшаларды, мектептерді, өкіметтің сондай ғимараттарының бәрін қайтарсын» деген. Саябақтар да. Ал қазір, керісінше, 17-шағынаудандағы балабақшаның бәрін жекешелендіріп алған, мектептің орнын жекешелендіріп алған, Және сол жерге үй салынып жатыр. Мұны не деп түсіндіруге болады? Бұл – президенттің тапсырмасын орындамау, халыққа жақсылық жасамау.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=LyD4hSmivlI[/youtube]

Бұл жәйттен Еңбекші ауданының әкімдігі де хабардар. Ондағылар мәселені май шаммен қарап жатырмыз дейді.

vlcsnap-2014-07-31-18h47m45s34
Александр Малахов, Еңбекші ауданы әкімі аппаратының өкілі: «Тұрғындардың шағымы бойынша бүгін таңертең сағат 10-да мұнда комиссия келді. Құрамында сәулет пен жер комитетінен және Еңбекші ауданы әкімдігінен мамандар бар. Бізде жер комитеті мен жер кадастр қызметі қалалық әкімдікке қарайды. Сондықтан, акт түздік. Біріншіден, құрылысшылар ауланың аумағына кірген болса, қателіктің орнын жою керек. Ал егер мердігер мекеменің құжаты дұрыс болса, құзырлы мекемелер мәселені қарауы тиіс. Яғни, жер комитеті! Иә, расында анау тұрғын бетон қорған бұрыннан ауланың аумағы болған.»

vlcsnap-2014-07-31-18h40m44s137

Ал құрылыс компанисының өкілдері сұхбат беруден бас тартты. Бірақ, олар тұрғындармен бір мәмілеге келуді көздеп отырған көрінеді.