Оқушылар полиция қызметкерлерімен кездесті

МАЙ қызметкері оқушылардың сұрағына жауап берді

Қалалық балалар және жасөспірімдер орталығында «Сен білесің бе?» атты танымдық-сауықтыру бағдарламасы ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылардан құралған үгіт-насихат топтары түрлі ережелерді таныстырса, жас инспекторлар тобы қойылымдар көрсетті.

Жас инспекторлар
Жас инспекторлар

Көрермендер арасында бағдаршам, жаяу жүргінші жолағына қатысты түрлі ойындар ұйымдастырылды. Бастысы, бүлдіршіндер полиция қызметкерлерімен кездесіп, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Бағдаршам кейпіндегі оқушылар
Бағдаршам кейпіндегі оқушылар

Әсіресе жаяу жүргіншілер білуге тиісті қажетті ақпарлар мен түнде оқушылардың жүруге болмайтыны сияқты ережелермен танысты. Бір сағатқа жалғасқан кездесуден жиналғандар жол ережелерін сақтап, абай боламыз деп тарқасты.

МАЙ қызметкері оқушылардың сұрағына жауап берді
Тәртіп сақшысы оқушылардың сұрақтарына жауап берді