Облыстық білім басқармасының есебі

431

Оңтүстіктің 700-ден астам оқушысы халықаралық олимпиада жеңімпазы атанған. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың алдында есеп берген облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының мамандары мәлімдеді. Мәжілісте баяндама жасаған басқарма басшысының орынбасары Серік Әуесханов былтыр жалпы 115 білім нысанының құрылысы басталып, оның 54-і іске қосылғанын, 135 нысанда күрделі жөндеу жүргізілгенін мәлімдеді. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін білім мекемелерінде 338 пандус орнатылған.

001

С.Елемесұлының айтуынша, өңірде «Балапан» бағдарламасы бойынша балаларды қамту 76,8 пайызды құрап, белгіленген жоспар артығымен орындалған. Есепті кезеңде өңірде 160 мектепке дейінгі ұйым ашылып, олардың саны 1416-ға (855 балабақша, 561 шағын орталық) жеткен.

2014 жылы ҰБТ-ға қатысқан түлектердің орташа балы 74,5 болып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 балға көтеріліп, «Алтын белгі» иегерлерінің саны 436 болып, 99 оқушыға артқан.

Өткен оқу жылы 700-ден астам оңтүстікқазақстандық оқушы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарына қатысып, жеңімпаз атанған. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада І орынды және «Ең үздік олимпиадалық команда-2014» атағын жеңіп алған.

Мектеп және колледж оқушыларының арасындағы республикалық жазғы спартакиадасында облысымыздың командасы І орынды иеленді.

Дереккөз: Облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі