«Білім сапасын қалай көтеруге болады?»

176

«Халық пен Билік» бағдарламасының тікелей эфирі барысында Түркістан облысының бас мұғалімі пандемия кезіндегі мәселелерді ашық айтты. Олардың бірі коронавирусқа қатысты енгізілген карантин шаралары білімнің сапасына әсерін тигізді,-дейді Рақымбек Жолаев.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысында 917 мектептің 80 пайызы ауылды жерде орналасқан.

Түркістан облысының бас мүғалімі білім саласындағы жетістіктерден гөрі өңірдегі күрделіктерге тоқталды. Олардың бірі орыс тілі пәнінің мұғалімдерінің жетіспеушілігі. Облыста ағылшын және математика пәнінің мұғалімдері тапшы.

Рақымбек ЖОЛАЕВ, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы: «Біз талдау жасадық орыс тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімдері зейнеткерлік жасқа жақын. 2-3 жыл зейнетке шыққан мұғалімдер сабақ беруде. Оларға үлкен рахмет. Кадрлар мәселесі өзекті. Бұл бағытта жоғары оқу орындарымен жүмыс жүргізудеміз».

Интернет ұстамайтын ауылдардағы оқушылардың білімі қандай болмақ? Карантин кезінде қашықта сабақ оқыған балалардың интернетке қосылуы жайлы бейнематериалдар әлеуметтік желіде тарағаны баршаға мәлім. Бұл мәселемен қазіргі таңда білім және ғылым министрлігімен бірге цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі айналысуда.

«Онлайн режимінде дәріс алу интернеттің қолжетімділігін көрсетті. Мектептерде интернет бар, ал үйде қосылу қиын. Қашықта оқығанда интернет 130 елдімекенде болмады. Мәселені шешу мақсатында ұялы желілердің операторлары ауылдарда қосымша стансаларын орнатуға мәжбүр болды. Мектептерде интернеттің жылдамдығы секундына 8 мегабит, бұл өте аз. Бұл үлкен проблема», -дейді Р. Жолаев.

Өңірде, ҰБТ бастауын алды. Емтиханды биыл 30 мыңға жуық түлек тапсырмақ. Орталықтарда барлық санитарлық талаптардың сақталуы бақылауда. ҰБТ-ны қайта тапсыру құны 2 мың теңге деп белгіленген. «ҰБТ онлайн басталды. Оқушылар екі рет тапсыруға мүмкіндігі бар. Ақылы. Кейін грантқа тапсырады. Емтихан тапсыратын 7 орталық дайын екендігін жеткізді  Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы.

Бас ұстаздың айтуынша мектептерді жөндеу жұмыстары кезеңімен шешілуде. Өңірде тозығы жеткен мектептер жеткілікті: «Биыл 180 білім ордасында жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлаудамыз. Айта кететін жайт, мектептердің 80 пайызы ауылды жерлерде орналасқан, сондықтан да жаңалау жұмыстары ғимараттары ескірген білім ошақтарында жүргізіледі. Жаңа мектептердің құрылысы бойынша өңіріміз республикада көш басында. Білім сапасына жүргізілген зерттеудің нәтижесі бойынша Шымкент 1-ші орында, Түркістан облысы 6 орында тұрақтаған. КОВИД-тің оқу бағдарламасына әсері болды. Барлық үмітіміз төртінші тоқсанда -оқушылар дәстүрлі түрде оқыса, бағдарламаға жетіп аламыз деген ойдамыз,  дейді облыстың бас мұғалімі.

«Білім сапасына қатысты, қашықта дәріс алуға көшуге байланысты білім сапасына баға беру қиын, алайда сапа жалпы жақсармады, бірақ біз қол қусырып отырған жоқпыз. 4-ші тоқсанда, мектептер ашылса, оқу бағдарламасын орындауға тырысамыз», дейді  облыстың бас педагогы.

Рахымбек Жолаев отандық білім жүйесі дәстүрінің ең озық тұстарын сақтап қалуға шақырды. Ең басты үмітті жауаптылар жаңашылдыққа және ілгерілушілікке ашық өскелең ұрпақты тәрибелейтін ұстаздарға артып отыр.

Шынар Оразова