«Азия сервис» білім саласына қажетті мобильді қосымша ойлап тапты

192

«Азия сервис» компаниясы қазақстандық IT желісі бағытындағы танылған көшбасшылардың бірі және өздері әзірлеген технологиялық дүниелер негізінде бағдарлама өнімдерін сүйемелдеп, қолданысқа енгізумен айналысады.

Биыл компания «Қызметкердің кабинеті, Есеп парақшасы» жаңа бағдарламасын өңдеп шығарды. Енді білім саласының қызметкерлері мобильді қосымшасы арқылы жалақысы мен міндетті төлем аударылымдары жайлы білетін болады.

«Азия сервис» әзірлеген «Қызметкер кабинеті. Есеп парақшасы» жаңа бағдарламасын енді Шымкенттегі А. Пушкин атындағы №1 мектептің қызметкерлері мен мұғалімдері пайдаланады. Компания өкілдері білім мекемелерімен тығыз қарым-қатынаста. Қажет болса кеңес беріп, мобильді қосымшаның жұмысына қатысты сұрақтарға жауап беруге дайын.Гүлнұр Жамурова мобильді қосымшаның тиімділігі мен жылдамдығын бағалап үлгерді. Мұғалімнің бағдарламаны әзірлеген мамандарға алғысы шексіз. Енді айлығы жайлы анықтама не зейнетақы қорына түскен аударылымдары туралы халыққа қызмет көрсету орталығы мен мектептегі есепшіге барудың қажеті жоқ.

«Осы қосымшаны ұялы телефоныңа жүктеп аласың. Қызмет кабинетінде барлық ақпарат бар. Өте ыңғайлы» дейді Пушкин атындағы №1 мектептің мұғалімі
Гүлнұр Жамурова.

«Азия Сервис» компаниясы қазақстандық IT желісі бағытындағы танылған көшбасшылардың бірі. Компанияның әзірлеген жаңа бағдарлама Шымкент қаласының білім басқармасында енгізілген. Жұмыс істеген кезең бойынша есеп парақшасы және де қажетті анықтамаларды енді жаңадан іске қосылған  мобильді қосымшасы арқылы білуге болады.

Мамед МАДАДОВ, Шымкент қаласындағы «Азия сервис» өкілділігінің директоры: «Білім басқармасының өтініші бойынша біз мобильді қосымшаны әзірледік. Қазір оны қызметкерлер кеңінен қолдануда, біздің клиенттер риза. Бағдарлама тегін жасалды. Сіздер куә болдыңыздар, біз қосымшаның жұмысымен №1 мектептің ұжымын таныстырдық. Енді бұл жаңашылдықты білім саласында өзге де мектептерге ұсынып ендіреміз».

«Азия Сервис» компаниясы 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде 1С бағдарламасы бойынша қызмет көрсету нарығында ең ірі компаниялардың бірі болып есептеледі. Азия сервистің бас кеңсесі Шымкент қаласында, ал аймақтық өкілдіктері Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Түркістан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында орналасқан.

Мекенжайы: Шымкент қаласы, Майлы Қожа көшесі, 70.
тел. 8 (7252) 39-48-48, 39-18-20