Соғыс ардагері Ресейден шақырту алды

573

Ұлы Отан соғысының ардагері Жүсіп Төлешов Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы медальмен марапатталды. Мұндай құрметке Оңтүстік өңірінен 5 қарт майдангер ие болып отыр.

001

Төлешовтер отбасында қос мерекені атап өтті. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай соғыс ардагері Жүсіп атаның үйіне облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері арнайы келіп, мемлекеттік награда табыс етті.

Сонымен қатар Ресей Федерациясы президенті әкімшілігі атынан ардагерлер форумына шақырту ала келді. Ал ақсақал өзі секілді қарт майдангерлерге көрсетілген құрметке ризалығын білдірді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=SgjkEec1H_k[/youtube]

Жеңіс үшін отағасымен бірге отанасы Бараш апа да тер төккен. Осындай ата-апаларымыздың арқасында бейбіт өмірде сүріп жатқан ұрпағы оларға әрдайым қамқорлық жасауға дайын.

Шынар Оразова