Сарыағаш ауданында соғыс ардагеріне 3 бөлмелі пәтер берілді

57

Түркістан облысында 100 жастағы ардагерге үш бөлмелі пәтер берілді. Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жеңіс мерекесінің қарсаңында 100 жастағы соғыс ардагері Эрмохан Ишхоновқа үш бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады.

Соғыс ардагері 1942 жылы 5 мамырда әскер қатарына шақырылып, соғысқа аттанған. 1948 жылы әскери қызметін тоқтатып, оған I дәрежелі «Отан соғысы», «КСРО Гвардиясы» ордендері берілген. Сонымен қатар, «Мінсіз қызметі үшін», «Украинаның 50 жылдығы», «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.

Бүгінде ұл-қыздарынан 33 немере, 49 шөбере және 6 шөпшек сүйіп отыр.