Базардағы еттің сапасы…

435

«Шымкенттің базарларында аурудан арам өлген, өлексе малдардың еттері сатылып жатыр. Ет өңіріміздегі Кентау қаласынан әрі 60 шақырым орналасқан Ащысай ауылынан тасымалдануда.»

002

Редакциямызға осылай арызданып хабарласушы тұрғындардың қатары сейілер емес. Тұтынушылардың айтуларынша, мұндай ет адам ағзасына қауіп тудырады, тіпті, түрлі дертті дендетуі мүмкін. Тұрғындардың уәжіне құлақ түрген арнамыздың тілшілері шаһардағы базар мен сауда нүктлерін аралап қайтты.

Дегенмен, ондағы саудагерлер өнімнің сапасына бір емес, бірнеше рет тексеру жүргізілетінін айтып, ант-су ішті. Сөздеріне сенсек, сараптама мал бордақылайтын орындарда және базарға қарасты зертханаларда сағат сайын жасалады екен. Егер еттің сапасы күдік тудырмаса, өнімнің саудаға шығарылуы үшін арнайы анықтама беріледі. Сондықтан тұтынушылар әр кезде міндетті түрде құжатты талап етуі тиіс.