Азаматтық қорғаныс оқу-жаттығуы 16 қыркүйекте басталады

514
Жиналыс

Оңтүстікте азаматтық қорғаныс бойынша оқу-жаттығу ұйымдастырылмақ. Осыған орай қалалық әкімшілікте Шымкенттегі және облыстағы мемлекеттік мекеме жетекшілерінің қатысуымен шара қарсаңында отырыс өтті. Оқу-жаттығу 15-18 қыркүйек аралығында жоспарланып отыр.

Жиналыс

Осы күндері дабыл сигналдары қағылып, дайындық тиянақталады. Қаладағы шаруашылық нысандардың табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға әзірлігін тексеру – негізгі мақсат. Кәсіпорындар, мектептер, ауруханалар мен басқа да мемлекеттік мекемелерге төтенше жағдайлар департаментінің жауапты қызметкерлері бекітіледі. Оқу-жаттығу 16 қыркүйек күні таңғы сағат 9-да басталады.