Шетелге жеткізілмек болған құстар құтқарылды

1009
Қаршыға

Шымкент әуежайында құны 25 мың АҚШ доллары болатын қаршығалар салынған сөмке табылды. Дорбада тек құстар жатыр.

Қаршыға

Қанатты табиғат жануарлары Дубайға тасымалданбақ болыпты. Шұғыл тексеру-анықтау шараларының нәтижесінде «Шымкент – Дубай» бағытымен ұшатын №738 әуе рейсінің ұшағына тиелгелі жатқан жерінен үлкен қос қара сөмке табылды.

Қаршыға

Сөмкелердің ішіне 24 қаршыға жасырылған екен. Әзірге контрабандалық жүк экономикалық қылмыстар қызметіне тексеруге беріліп, аталмыш іске қатысы бар адамдар іздестіріліп жатыр.

Қаршыға