Депутаттар: «Парламентте бала тәрбиесі жайлы заң талқылануда»

304
«Асыл бала» республикалық қауымдастығы

Оңтүстік Қазақстанда «Қазіргі заманына сай мектептің жаңа приоритеттері: қақтығыстық жағдайдан шығу және өмір жолын таңдауды қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. «Асыл ,ала» республикалық қауымдастығы мен облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары З.Балиева, О.Асанғазы және білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері, облыс әкімінің орынбасары Е.Айтаханов және тиісті басқармалардың қызметкерлері қалалық білім беру мекемелерінің басшылары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

«Асыл бала» республикалық қауымдастығы

Дөңгелек үстел барысында бала құқықтары, жекеменшік балабақшалардың қызметі, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты медиация жолымен шешу, кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу және отбасы тәрбиесін жетілдіру мақсатында әңгімелер өрбіп, оның шешу жолдары талқыланды.

Мәжіліс депутаттары парламентте бала құқықтары, отбасы тәрбиесі туралы жаңа заңнамалардың жобалары талқыланып жатқанын айтты. Бұл жобаларды нақтылау мақсатында жергілікті жерлерде халықпен кездесіп, олардың мұң мұқтажы мен білім беру мекемелері басшыларының ұсыныстарын тыңдап, республика деңгейінде шешу жолдарын қарастыратын боламыз дейді халық қалаулылары.

Бүгінгі таңдағы ең өзекті және тәрбиелік мәні жоғары мәселелер көтерілген бұл іс-шара алғаш рет Оңтүстіктен бастау алып, еліміздің басқа да өңірлерінде өз жалғасын табатын болады.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі