Қаладағы көлік тұрақтары кімге тиесілі…

390
Автотұрақ

Шаһар басшысының қала көшелеріндегі заңсыз автотұрақтарды ретке келтіру тапсырмасы да орындалмай тұр. Облыс орталығындағы көшелерді ыңғайластыру үшін осыдан екі жыл бұрын қала әкімінің қаулысы шығып, 20 автотұрақ ұйымдастырылған еді. Оны «Тұрғын үй-Шымкент» мекемесіне жалға беріп, көшелерді көркейту жоспары құрылған-тын.

Автотұрақ

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы берген мәліметке сай, Шымкентте 300-ге жуық автотұрақ бар. Бүгінгі таңда олардың барлығы ақша табу көзіне айналған. Көлікті қою құны 100-150 теңге аралығында. Ал қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандарының айтуынша, оның басым бөлігі заңсыз жұмыс жасайды. Мәселен, жол жиегі қоғамдық пайдалану орынына жататындықтан, оны автотұраққа айналдыру қисынсыз. Яғни, арнайы ережеге сай тұраққа айналдыруға рұқсат берілмеген.

Автотұрақ

Мұндай келеңсіздіктерді жоюға жергілікті билік бір емес, бірнеше рет әрекетенді. Рейдтер ұйымдастырып, заңсыз тұрақтардың жолын кеспек те болды. Дегенмен, нәтиже шығаремес. Бей-берекетсіздіктерді реттеу үшін 2014 жыл қала әкімінің қаулысы шығып, 20 орында автотұрақ ашты.

Оны қалалық «Тұрғын үй-Шымкент» мемлекеттік комуналдық кәсіпорынға қадағалап отыру үшін тапсырды. Алайда, құрылтайшысы қала әкімдігі болған мекеменің жұмысшылары заңды белшеден басып, жол жиегін тұраққа айналдырған. Тіпті, қолына таяқ ұстанып, реттеп тұрататын азаматтың кім екенін де танымай отыр.

Бір қызығы қала әкімінің қаулысымен автотұраққа айналған орындардың бірнешеуі өзге тұлғаларға жалға берілген. Оны қайтару мекеменің жаңа басшысына оңайға соқпай тұр.

Әкімнің берген тапсырмасын тиянақты орындамағандар жауапқа тартылатын күн жақын. Енді қалалық ТҮКШ бөлімінің басшылары келеңсіздікерді жоюға кірісіп отыр. Оны жергілікті биліке бағынатын әкімшілік полицияның міндетіне кіргізіпті.

Нұрлан Жаңабай