Полицейлер тал екті

268
Полиция сенбілігі

Оңтүстіктің полицейлері жалпы халықтық сенбілікке қатысып, мыңнан астам ағаш көшетін екті. Тәртіп сақшылары бұған қоса департаменттің және басқа да ішкі істер органдары ғимараттары аумағын тазалалап, әктеу, сырлау жұмыстарын жүргізді.

Полиция сенбілігі

Ал қолдарына күрек пен шелек ұстаған жергілікті полиция қызметінің өкілдері барлық учаскелік тірек пункттерінің аумағына мың түптен астам аққайың, қарағай, боз арша және басқа да ағаш көшеттерін отырғызды.

Полиция сенбілігі

Облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Балтабек Абылаев бастаған жеке құрам Шымкенттегі Асар елдімекенінде орналасқан учаскелік тірек пункті алдында оннан астам аққайың, қарағай, боз арша көшетін екті.

Полиция сенбілігі

Полиция сенбілігі