Қалаға қосылған ауылдардың жолына асфальт төсеу басталды

550
Қалаға қосылған ауылдардың жолына асфальт төсеу басталды

Шымкент аумағына енген 40-тан астам елдімекен шаһар кейпіне енетін күн жақын. Жергілікті билік қыруар қаржы бөліп, ауыл-аймақтарға инфрақұрылым тартуды көздеп отыр. Бірінші болып Жыланбұзған ауылына жол салынды. Тағы да 138 көшені тақтайдай тегістеу жоспары бар.

Қалаға қосылған ауылдардың жолына асфальт төсеу басталды

500-ден астам түтіні бар Жыланбұзған елдімекенінде бұрын-соңды асфальт жол болмаған.Осы ауылдың ақсақалдары тақтайдан тегіс жолда жүру бізге бұйырмаған деп әзілдескен екен. Енді, міне, ені 5 метр, ал ұзындығы 3 шақырымнан астам асфальт төсеу қолға алыныпты. Оған жергілікті бюджетен 40 млн теңге бөлінген.

Жалпы, биылжол салуға қала бюджетінен 2 млрд 300 млн теңге қаралыпты. Ол өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық. 41 көшенің бойына жаяу жүргінші жолы салынбақ. Бұдан бөлек, 250 млн теңгеге қала ішіндегі жолдарда пайда болған ой-шұңқырлар жөнделетін болады.

Сала мамандарының мәлімдеуінше, жол салуда басымдықты орталық және әлеуметтік нысандар орналасқан көшелерге беріпті. Шымшаһарда 2800 шақырым жол болса, бүгінде соның жартысына асфальт төселген. Дегенмен, әлі 1000 шақырым тастақ, 300 шақырым топырақ жол бар.

Нұрлан Жаңабай