Зейнеткерді тонап кетті

Шардара ауданының полицейлері 76 жастағы зейнеткерді тонаған екі күдіктіні ұстады. 32 және 29 жастағы екі жігіт Шардара қаласының 76 жастағы зейнеткерін тонап кеткен.

Оңтүстік Қазақстан облысында ш

Тергеу барысында күдіктілердің алдымен бірге спиртті ішімдік ішкені анықталды. Әңгіме үстінде олар таныс қарияны тонауға сөз байласады. Содан кешке қарай жәбірленушінің үйіне кіріп, үй иесіне шабуыл жасаған.

Қарияның қолын қайырған екі жігіт күш қолдана отырып 200 АҚШ доллары және 100 мың теңгеден аса ақшасын тартып алып, қашып кеткен. Кейін ақшаны жаратып жіберіпті.

Аталған жайт сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркеліп, қылмысты кодекстің 191-бабымен (тонау) іс қозғалды. Күдіктілер кепілдікпен үйлеріне жіберілген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР