Түлкібастық тұрғын қарияның үй ауласынан көлікті ұрлап кеткен

119

Түлкібастық тұрғын зейнеткердің үй ауласынан көлігін ұрлап, сатып жіберген.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы жұмыссыз тұрғынды ұстады.

Күдікті ер адам қарияның жалғызбасты екенін біліп, түнгі уақытта үй қақпасынан асып түскен. Содан аулада тұрған құны 2,5 миллион теңге тұратын «Lada» маркалы есігі ашық көлікке көзі түсіп, сүйреп алып шыққан. Кейін Тараз қаласына қарай бет алған. Оңай жолмен пайда табуды көздеген ол автокөлікті 200 мың теңгеге сатып жіберген.

Қолды болған көлікті тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

(Фото: Түркістан облыстық Полиция департаменті)