Тұрғындар қоғамдық орында велосипед тебуге қарсы

Саябақта заңсыз кәсіпкерлікке жол жоқ. Қоғамдық орында өз құлқын ойлап, велосипедтті жалға берушілердің жолы кесілді. Тұрғындардан түскен арыз жауапсыз қалмай, демалыс орнының тыныштығы қайта қалыпқа түсті. Тәртіп сақшылары қаладағы саябақтарды қатаң бақылауға алып, ретсіз велосипед тебетіндерге тыйым салды.

Велосипед тебу денсаулыққа пайдалы болғанымен, өмірге қауіпті. Қаламызда екі дөңгелекті қатынас құралын тізгіндегендердің жол апатына ұшырауы жыл артқан сайын жиілеп барады. Биылдың өзінде велосипедшілердің қатысуымен 14 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 14 адам жарақат алған.

Тұрғындар қоғамдық орында велосипед тебуге қарсы

Қалада велосипед тебуге арналған орынның жоғынан кешке қарай саябақты велоалаңға айналдырып алғандар көп. Олардың басым бөлігі велосипедті жалға алып, сағатқа тебеді. Есесіне қоғамдық орынға демалуға келген көпшіліктің тынышы қашады.

Тұрғындар қоғамдық орында велосипед тебуге қарсы

Велосипедті жалға берушілер де саябақтағы заңсыз кәсібін дөңгелетіп алған. Өйткені, қой дейтін қожа болмай келген. Тұрғындардың шағымынан кейін ғана өз бетінше кәсіп иеленгендердің жолын кесуге тәртіп сақшылары кірісті. Апта сайын арнайы рейд жұмыстарын ұйымдастырып, саябақтан шығарып тастаған. Сондықтан болар, бұл жолға шара барысында заңды өрескел бұзғандар кездеспеді.

Саябақты жеке басының пайдасы үшін қолданып келгендермен күрес күн сайын жалғасын табады. Ал қалада арнайы веложолақ салынса, бұл мәселе түпкілікті шешіледі деген жоспар бар.

Гүлжан Байназарова

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР