Велокартаның алғашқы иесі – Шымкент әкімі

598
Велокартаның алғашқы иесі - Шымкент әкімі

«Shymkent Bike» жобасы аясында велосипедті пайдалану қартасын қала әкімі бірінші болып сатып алды. Бұл таңқаларлық жағдай емес. Себебі, спортты жанына серік еткен Ғабидолла Әбдірахвмов облыстық велофедерацияны басқарады.

Велокартаның алғашқы иесі - Шымкент әкімі

Енді қала басшысы велосипедпен жиі жүретін болады. Оның бұл жағынан тәжірибесі де бар. Ғабидолла Әбдірахымов алғаш рет жобаны іске асыру кезінде көшелердің дайындығын өзі тексерген болатын. Ал жақын арада көлігін таза экологиялық транспортпен алмастырды. Мұнысын қалалықтар үлгі тұтты.

Жобаның ашылу салтанатында қала әкімі велосипедпен жүру көлік кептелісінде ыңғайлылығымен қатар үлкен қала тұрғыны үшін денсаулыққа өте пайдалы екенін айтты.