Шымкентте мектеп формасы тапшы

673
Шымкентте мектеп формасы тапшы

Қаламыздағы мектеп формасын сататын дүкендерде үлкен қарбалас. Тіпті, мектеп формасына тапшылық сезілуде. Өйткені, сұраныс тым артық.

Шымкентте мектеп формасы тапшы

Ата-аналар қауымының айтуынша, керекті өлшемдегі киімді табу қиынға соғып тұр. Киімнің топтамасы 9 000 теңгеден басталады. Өлшеміне байланысты 13 000 теңгеге дейін барады. Баға көпшіліктің көңілінен шығып, қолжетімділігімен ерекшеленген. Сондықтан да болар, мектеп формасы жетпей жатыр.