Ғабидолла Әбдірахымов Шымкенттің қарияларын құттықтады

477
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкенттің қарияларын құттықтады

1 қазан – халықаралық қарттар күні. Осыған орай Шымкент қаласының әкімі қаладағы зейнет жасындағы қарттар мен ардагерлерды құттықтады.

Ғабидолла Әбдірахымов «Алтын сарай» мейрамханасында Шымкент қаласының дамуы мен өркендеуіне өз үлесін қосқан шымкенттік зейнеткерлер мен ардагерлерді төл мерекелерімен құттықтап, дастархан жайды.

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкенттің қарияларын құттықтады

– Сіздерді келе жатқан халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Елбасымыздың салиқалы саясатының нәтижесінде Қазақстанда ардагерлердiң жақсы өмiр сүруiне көп көңiл бөлiнуде, – дейді қала басшысы. – Жыл сайын зейнетақының өсуi, ардагерлерге жасалып жатқан жеңiлдiктер, көп балалы аналарды марапаттаумен қатар басқа да шаралар қарт адамдарды қолдау деңгейiнiң жоғары екенiн көрсетедi. «Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген сөз бекер айтылмаған. Халық арасында аузы дуалы, әңгімесі бәтуалы ақсақалдар барда ел ішінде алауыздықтың орын алмайтыны, жастары жөнсіз кетпейтіні белгілі.

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкенттің қарияларын құттықтады

Айта кету керек, Шымкентте қазіргі таңда зейнет жасындағы 70 мыңға жуық қарттар мен ардагерлер тұрады. Оларға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан түрлі әлеуметтік қолдау көрсетілуде.

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкенттің қарияларын құттықтады

Мысалы, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне 9 мамыр – Жеңіс күніне орай ақшалай көмек берілді. 141 ардагердің әрқайсысына 212 100 теңгеден барлығы 29 млн 906 мың теңге төленді. 8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы 8754 анаға 37 млн 134 мың теңге әлеуметтік көмек берілуде.

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкенттің қарияларын құттықтады

Ал «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мекемесі өзін күтуге мүмкіндігі жоқ 454 қарт кісінің үйіне барып, әлеуметтік қызмет көрсетуде.

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкенттің қарияларын құттықтады