Шымкенттіктер марафонда жүгірді

209
Шымкенттіктер марафонға қатысты

Қазақстан премьер-Министрі, Қазақстан Президенті әкімшілігінің басшысы жəне бірқатар үкімет мүшелері бастаған қайырымдылық мақсаттағы ірі халықаралық марафон эстафетасын Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары да жалғады.

Шымкенттіктер марафонға қатысты

Салауатты өмір салтын ту еткен оңтүстікқазақстандықтар «Дені сау ұлт – тәуелсіздік тұғыры» деген ұранмен 5 шақырымды жүгіріп өтті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келетін қайырымдылық марафонына 2 мыңнан астам қала тұрғындары, билік өкілдері мен мыңдаған жастар қатысты.

Шымкенттіктер марафонға қатысты

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған спорттық шара соңында марафонның мәре сызығына алғаш жүгіріп келген жеңімпаздар марапатталды. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты дамыту мақсатындағы игі бастама Оңтүстік өңірінде жыл сайын жалғасын табатын болады.

Шымкенттіктер марафонға қатысты