//
Депутаттар "Шымкент" кеден бекетін аралады Жаңалықтар 

Депутаттар “Шымкент” кеден бекетін аралады

Салықтық әлеуетті арттыру өзекті мәселе. Осы ретте өңірдің мүмкіндіктерін саралау үшін келген парламент мәжілісінің депутаттары мен мемлекеттік кіріс комитетінің мүшелері “Шымкент-кедендік рәсімдеу орталығы” бекетінде болды. Саланың жаңалықтарымен танысқан мәртебелі қонақтар тіпті кинологтардың қызметіне де өз бағаларын берді.

Депутаттар "Шымкент" кеден бекетін аралады

Тауар белгілерін тексерудің тың тәсілін қазақстандық жас IT мамандары ойлап тауыпты. Мемлекеттік кірістер саласының мамандары қазір осылайша контрабандалық тауарларға тосқауыл қойып, көлеңкелі экономикамен күресуде. Депутаттар орталықтың ақпараттық жүйесімен, электрондық декларациялау тәртібімен және біртұтас жеке шот пен біртұтас тәуекелдерді басқару жұмысымен етене танысып шықты.

Бүгінде оңтайландырылған басқару жүйесінің көмегімен заңсыздықтар табылмаған жағдайда небәрі жарты сағаттың ішінде шекарада барлық операциалардан өтуге және тауарды шығаруға болады. Алайда, мамандар әлі де кәсіпкерлердің дені брокерлер қызметіне жиі жүгінетінін жасырмайды. Демек, әлі де қағазбастылықты азайтып, кей процедураларды жеңілдете түсу қажет.

Саланың мүмкіндіктерін салмақтағалы келген меймандар кинологтардың жұмысын да көрді. Кеденшілердің “көмекшілері” ауа райының қолайсыздығына қарамастан берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындады. Сала мамандарының жұмысын жеңілтетіп отырған иісшіл иттер жүк дорбалар мен көліктерде жасырынған заттарды тінтіп жүріп тауып алды.

Депутаттық корпус өкілдері мен мемлекеттік кірістер комитеті өңірдегі бірқатар кәсіпорындарда болды. «Оңтүстік» индустриалды аймағында жүзеге асырылып жатқан тың жобалардың бірі – шыны құты шығаратын кәсіпорын. «ЕвроКристалл» ЖШС күнделікті тұрмыста пайдаланылатын банкілер мен алкогольді, алкогольсіз сусын өндіретін кәсіпорындарға керекті бөтелкелер шығаруда. Бау-бақша өнімдерін консервілеумен кеңінен айналысатын Оңтүстік өңірі үшін дәл осындай жобаны қолға алу аса маңызды деді мәртебелі қонақтар.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz