Шымкентке жылу 20 қазаннан кейін беріледі

322
Жылу борышкерлері сот алдында жауап беруі мүмкін

Жаңа жылға дейін жылу тарифі өзгермейді. Бұл туралы 2016-2017 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жайы пысықталған брифингте айтылды. Қазір өңірде жылу беру жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Жылу борышкерлері сот алдында жауап беруі мүмкінСала мамандары облыс орталығындағы жылу құбырларын сығымдау жұмыстары 25 қазанға дейін аяқталады дейді. Күн райының күрт сууына байланысты қазірдің өзінде кей бюджеттік мекемелерге жылу берілген.

Ал көп қабатты тұрғын үйлер осы айдың аяғына дейін жылу жүйесіне қосылады дейді жауаптылар. Оның өзінде күн райы әрі қарай суып кетсе. Жылу берушілер осыған орай тұрғындарды тиісті қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Жылуға қатысты тағы бір ақпарат. «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік компаниясы Шымкенттегі «3-энергоорталыққа» 4 қазан күні кешкі саған 18:00-ден бастап көгілдір отын беруді бастады. Жылу өндіретін бұл мекеме көгілдір отын таратушыларға қарызының 700 млн теңгесін төлеген, дегенмен, әлі 1 млрд тенгеге жуық қарызы бар. Ол берешек арнайы жасалған кестеге сай төленетін болады. Сала мамандары бұл жағдай Шымкент тұрғындарына қыс кезінде сапалы жылу беруге кері әсерін тигізбейді деп сендіреді.