17-шағынаудандағы гүлзар қайта жаңарды

517
17-шағынаудандағы гүлзар қайта жаңарды

Шымкентте көпшілік тынығып, демалатын тағы бір орын пайда болды. 17 шағынаудандағы гүлзар Кеңес одағы кезінен қараусыз қалып, тозығы жеткен болатын. Жергілікті басшылар бюджеттен 58 млн теңге бөліп, сол орын қайта қалпына келтірілді. Жаңарған гүлзардың ашылу рәсіміне осындағы тұрғындар мен облыс, қала әкімдері қатысты.

17-шағынаудандағы гүлзар қайта жаңарды

Гүлзардың ашылуы биылғы басты меркесе – ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Бір гектер аумақты алып жатқан демалыс орнын қайта құру жұмысы тамыз айында басталған болатын. Үш мердігер мекеменің бірі құрылыс жобасын жасап, екіншісі оны іске асырды. Ал үшінші серіктестіктің мамандары құрылыс сапасын қадағаладық дейді. Еңбектің нәтижесін жиылған жұрт жақсы деп бағалады.

17-шағынаудандағы гүлзар қайта жаңарды

Бүгінде Шымшаһарда аумағы 160 гектарды құрайтын 8 саябақ пен осындай 30 гүлзар бар. Оның ішінде Мәртөбе және Наурыз саябақтары қайта құруды қажет етеді. Оған қоса жергілікті басшылар ескі қоқыс алаңының орнында екі бірдей саябақ ашуды жоспарлап қойыпты.

17-шағынаудандағы гүлзар қайта жаңарды

Көпшіліктің көңілінен шыққан бұл демалыс орнын ресми түрде ашып берген қос әкім осы күні Шымкенттің тарихынан сыр шертетін ескі қалашықта да болды. Қала басшысы бұл орынды абаттандыруды қалай жасап, нені ескеретінін ойластырып қойған. Ол жоспарды облыс әкімі қолдап, эскиздік және құрылыс жобасын жасауға тапсырма берілді.

Нұрлан Жаңабай