Көп тілді меңгеру — заман талабы

Жастардың көп тіл білгені білім алуда пайдасын тигізеді. Оңтүстікте үш тілде оқытатын №1 мамандандырылған мектеп-интернатта ғылыми конференция өтті. «ХХІ ғасыр — Қазақстанның жұлдызды ғасыры» тақырыбында өткен ауқымды басқосуға Шымкенттің ғана емес, облысымыздың басқа да аудан-қалаларынан білікті ұстаздар қатысты.

Көп тілді меңгеру - заман талабы

Тақырып біреу — оқушыларға үш тілде білім беру мәселесі. Төлебилік ұстаз Қойшыбаева Ақсәуле ғылыми-конференцияға тыңғылықты дайындалыпты. Оқушының ана тілінен бөлек орыс пен ағылшын тілін меңгеруде әдістемелік құралдар сауатты және ұтымды пайдаланылса, онда нәтиже болады дейді тәжірибелі мұғалім.

Облыста үш тілде оқытатын мамандандырылған №1 мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері сабақ барысында әр сөзді, сөйлемді қазақ, орыс және ағылшын тілінде айтып, оны талдап үйренген. Бұл әдіс балалардың тез есте сақтау және ойлау қабілетін жетілдіреді.

Жібек Қазанғапова, 8 сынып оқушысы: «Үш тілді де жетік білсек, емін-еркін сөйлеп, өз ойымызды жеткізе білеміз. Болашақ өмірімізде де пайдасы көп деп есептеймін.»

Ана тілімен бірге орыс және ағылшын тілін бірге меңгеруде ұстаздың ролі орасан. Оқушыға дұрыс бағдар беріп, оның Шекспирдің, Пушкиннің туындыларын түпнұсқада оқуына жағдай жасау инвестиция құюмен тең деген пікірлер айтылды ғылыми конференцияда.

Айгүл Бөлекбаева, Мақтаарал ауданындағы орта мектеп мұғалімі: «Оқушының тілдерді меңгеруге деген ынтасын қолдау бізге, педагогтарға байланысты. Сондықтан өзім білімімді жетілдіріп,  қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерудемін. Қазір ізденбесең болмайды. Өйткені жаңашылдықтар көп.»

Бүгінгі оқушылар — мемлекетіміздің келешегі. Олардың білімді, ой-өрісі кең болуы болашақ үшін маңызды.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР