Қайнарбұлақта су есептегіш құралдар ұрлануда

668
Қайнарбұлақта су есептегіш құралдар ұрлануда

Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайының тұрғындары суды әлі күнге дейін тасып ішуге мәжбүр. Бұған қоса орнында тұрған су есептеуіш құралдары қолды болуда. Ал жауапты мамандар бұл тұрғын алабына өткен жылдың соңында таза су берілді деген ақпарат берген еді. Бір қызығы, мұнда су құбырлары тартылып, үйлердің барлығына дерлік қосылған.

Қайнарбұлақтағы жұртшылықтың ауызсудан айрылғанына құдықтардағы есептегіш құралдардың қолды болуы себеп. Көпшіліктің айтуынша, есептегіш құралдардың ұрлануы алғаш емес. Өкініштісі, сол жоғалған затты іздеп, кінәліні анықтап, жұртқа тіршілік нәрін беруді ойлайтын тірі жан жоқ дейді халық.

Қайнарбұлақта су есептегіш құралдар ұрлануда

Шымкент қаласының аумағына қосылғанына 10 жыл болған елдімекенге ауызсу бұдан бір жыл бұрын келген. Құбырлар үйді-үйге кіргізіліп, мердігер нысанды тапсырып та үлгерген. Бірақ құрылыс барысында бұзылған жол қалпына келтірілмепті.

Қайнарбұлақта су есептегіш құралдар ұрлануда

Міне, осылай жауаптылардың айтуынша, кезінде тиісті жұмыстар жүргізіліп, ауылды ауыз сумен қамту жұмыстары қолға алынған. Бірақ, барлау жұмыстарын тиянақты тындырмаған мердігердің кесірінен бұл елдімекен сусыз отыр дейді мамандар. Ал су есептегіш құралдарын тұрғындардың өздері ұрлатып отыр деген су таратушылар енді халық құралды өз есебінен орнатпаса, су жақын күндері қосылмайтынын ашық айтты. «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС мамандары бұл нысанды әлі қабылдамадық дейді.

Нұрлан Жаңабай