Төлеби ауданында «Нұр Отан» партиясының көшпелі қабылдауы өтті

479
Төлеби ауданында

«Нұр Отан» партиясының өңірлік филиалы Төлеби ауданы әкімдігінде көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. «Соңғы үмітіміз – партияда» деген ауыл азаматтары өңірде өршіп тұрған мал ұрлығы, халыққа қызмет көрсету қызметтері мен жол, несие алу мәселесін көтерді. Тасарық, Әңгір ата, Алатау ауыл округтерінен жиналған азаматтар жеке басының емес, көпшіліктің аманатын арқалай келген.

Төлеби ауданында "Нұр Отан" партиясының көшпелі қабылдауы өтті

«Нұр Отан» партиясының көшпелі қоғамдық қабылдауға жазылған Көксәйек ауылының тұрғыны Мейірбек Керімов өз ауылында халыққа қызмет көрсету орталығының филиалын ашып беруді сұрайды. Өйткені жай ғана мекенжай анықтамасын алу үшін халық аудан орталығына сабылуда.

Төлеби ауданында "Нұр Отан" партиясының көшпелі қабылдауы өтті

Леңгір қаласының тұрғыны, І топ мүгедегі Жарылқасын Айнақұлов баспанаға мұқтаж. Мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, тұрақты жұмысқа орналаса алмай, әлек болудамын дейді. Қоғамдық қабылдауға тек аудан емес, облыстық басқармалардың басшылары қатысқандықтан. бұл мәселе оң шешілетін болды. Ал Кеме қалған ауыл округінен ат терлетіп келген Аязби Бекбауов Әңгірата ауылындағы ауыз су мәселесі қашан шешілетінін анықтамақ.

Төлеби ауданында "Нұр Отан" партиясының көшпелі қабылдауы өтті

Ынтымақ, Сұлтан Рабат ауылдарының тұрғындары кәсіпкерлікті дамытайын десе, ауыл шаруашылығы мақсатындағы несиені алуда күрделіліктер барын жасырмады.

Төлеби ауданында "Нұр Отан" партиясының көшпелі қабылдауы өтті

Ал Алатау ауыл округіндегі Игілік-Бірлік өндірістік бірлестігі ұжымының атынан келген Ғалымжан Ибрагимов жайылым жерлер қолды болып, жұмысымызға кері әсерін тигізуде деп наразылығын білдіруде.

Төлеби ауданында өткен көшпелі қоғамдық қабылдауда болған азаматтардың арызы тіркеліп, олар бойынша жұмыс жүргізіледі деп уәде берді «НұрОтан» партиясының ОҚОФ басшысының бірінші орынбасары Әлімжан Құртаев. Елбасының халыққа үндеуінен кейін де шенеуніктер елдімекендердегі мәселені шешуге атсалысады деген сенім мол дейді ауылдағы ағайын.