Әйеліне ВИЧ-індетін жұқтырған азамат сотталды

219
Сот алқасы төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметінен босату туралы Жарлығы бойынша ОҚО сотында кадрлық өзгерістер орын алды

Шымкенттегі Әл Фараби аудандық сотында СПИД-ке шалдыққан ер адамға қатысты үкім оқылды. Әдеттегіден өзгеше сот үкімінің ерекшелігі сол – айыпталушы өзінің қауіпті вируспен өмір сүретінін біле тұра азаматтық некедегі әйеліне айтпай, жұқтырған.

Ең өкініштісі, «Ғасыр дерті» аталып кеткен ауруды жұқтырған әйелдің 1,5 жасар сәбиі де ана сүті арқылы ВИЧ жұқпасына шалдыққан болып шықты. Тергеу-тексеру құжаттарын саралай келе судья СПИД орталығында тіркеуде тұратын науқасты 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жасазына кесуді үкім етіп отыр. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.