//
Балшыққа батқан Қаратау көшесі... Жаңалықтар 

Балшыққа батқан Қаратау көшесі…

Шымкентте жөндеуді қажет ететін жолдар жетерлік. Таяуда есеп берген қаладағы төрт ауданның әкімінен халық жол, жарық және газ жеткізуді бірінші кезекте шешіп берсе деп сұраған болатын. Сондай мәселенің бірі Коммунизм бөлімшесінде туындап отыр.

Балшыққа батқан Қаратау көшесі...

Бұл – Абай ауданындағы балшығы тобықтан келетін Қаратау көшесі. Тұрғындардың наразылығын туғызған мәселе – осы аумақтағы барлық көшеге асфальт төселіп, тақтайдай тегістелген. Жазда шаң қауып, жауын-шашында балшыққа бататын жалғыз біз дейді көпшілік.

Қаракөз Бегей – 3 сынып оқушысы. Бүлдіршін мектепке бару үшін сөмкесіне таза аяқ киім ала барады. Ендігі арманым көрші көшенің балғындары секілді таза жолмен жүру дейді.

Балшыққа батқан Қаратау көшесі...

Қала әкімдігінің жол салуға жауапты мамандарының сөзіне сенсек, бұл көше биыл жөнделеді. Жоспарға сай алдымен коммуналды жүйелер тартылуы қажет екен. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары қаладағы жолдарды жөндеу жұмыстары қарқын алған. Биылдың өзінде 200-ден астам көше орташа жөндеуден өткізілмек. Тек жерлестеріміз аз ғана шыдаса дейді мамандар.

Балшыққа батқан Қаратау көшесі...

Нұрлан Жаңабай

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz