You are here
Сарыағашта сөмке тонап жүрген қыздар ұсталды Оқыс оқиға 

Сарыағашта сөмке тонап жүрген қыздар ұсталды

Сарығаш ауданында ұрлықпен айналысын жүрген қылмысты топтың жолы кесіліп отыр. Өткен жылдың соңында Сарығаштағы полицейлерге бірнеше жергілікті тұрғын арызданып келіп, базарда ұялы телефондарын ұрлатып алғандарын айтқан. Осыған орай тәжірибелі қызметкерлерден арнайы тергеу тобы құрылып, іздестіру нәтижесінде 4 қыз ұсталды.

Сарыағашта сөмке тонап жүрген қыздар ұсталды

Күдіктілер 35, 32, 26 және 23 жастағы Шымкент қаласының тұрғындары болып шыққан. Тергеушілер бұл қыздардың Сарыағашқа ұрлық жасау үшін Шымкенттен арнайы келгенін анықтап отыр. Базалар мен сауда орындарында халықтың аңғалдығын пайдаланған қыздар сөмкелеріндегі ақшасы мен телефонын жымқырып кетіп отырған.

Қазіргі таңда 4 қыздан құралған топтың 12 ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Жәбірленушілерге келген шығын 1,5 млн теңгені құрайды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Related posts

Leave a Comment