Мүлік және жер салығын төлеудің соңғы күні

1-ші қазаннан кейін Жер мен мүлік салығын азаматтар өсіммен өтейді.

Қыркүйектің 30-ы мүлік және жер салығын төлеудің соңғы күні. Әл Фараби ауданы бойынша салық төлеушілердің саны 38 мың. Жоспар бойынша аудан 7 млн. 400 мың теңге жер салығын жинау қажет болса, қазынаға 10 млннан астам қаржы түскен. Мүлік салығынан жоспар 34 млн. құраса,
нақты қазынаға түскені- 31 млн.
Төлемдерді мерзімінде өтемеген азаматтардың кезекте уақыттарын өткізуіне өздері кінәлі дейді- мамандар. Олай айтуға негіз бар. Өйткені,әрбір мүлік және жер иесіне коммуналдық төлемдер түбіртегімен есеп айырысатын міндетті салық төлемдердің сомасы көрсетілген қағаздар жеткізілген.
Ескертудің пайдасы жоқ емес. Еңбекші ауданы жер мүлігінен жоспарды екі есе асыра орындады-9 млн 871 мың теңгенің орнына 18 млн. 289 мың теңге бюджетті толықтырған.
1-ші қазаннан кейін Жер мен мүлік салығын азаматтар өсіммен өтейді. Ал көп жылдары есеп айырыспаған салық төлеушілерға қатысты әкімшілік шара көрінеді. Осындай қолайсыз жағдайға тап болмас үшін міндетті төлемдерді өз мерзімінде төлегеніңіз дұрыс.