Облыстық сатира театры өзінің 8-ші жаңа маусымының шымылдығын түрді. Баққожа Мұқайдың «Сергелдең болған серілер» атты коммедиялық қойылымы 80-ші жылдары жазылып, ал 1986-шы жылы өзіміздің облыстық Жұмат Шанин атындағы қазақ дарама театрында алғаш рет қойылған екен. Міне араға бірнеше жылды салып, облыстық сатира театрында көрсетілмекші.
Бұл қойылым өткен ғасырда жазылса да, бүгінгі қоғамның тақырыбын қозғайды. Мәселен жастардың ұзақ уақыт сұрбойдақ, кәріқыз атанып жүруі, өмірлік жарын таба алмауы , өзіне лайықты жар іздеудің әлегі…осының барлығыда сахна тілімен әдемі жеткізілген.
Жар іздеудегі машақаттар коммедиялық қойылымның негізгі міндеті,-дейді қоюшы режиссер Мақсат Айтжанов. -Ал өзіміздің негізгі проблемамызға келер болсақ, бізде әлі театрдың басыбайлы баспанасы мәселесі шешілмей отыр. Ғмиараты жоқ театр болғандықтан дайындықты аядай ғана бөлмеде жүргізудеміз. Ал, прьемераны облыстық опера және балет театрының сахнасында қоятын боламыз.