Шымкенттің шенеуніктері мемлекеттік тілде тест тапсырып жатыр

Кешеден бері М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің оқу корпусында облыстың барша аудан, қала әкімдігі мен басқарма қызметкерлері мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендері бойынша тест тапсыруда.

Айта кетейік, 2012 жылдан бастап мемлекеттік қызметке тұру үшін ең алдымен мемлекеттік тіл-қазақ тілі бойынша тест тапсыру барлығына бірдей міндеттеледі. Әзірге, шымкенттік шенеуніктердің деңгейін анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Тесті ҚР Ғылым және білім министрлігінен келген арнайы комиссия алуда. Облыстық тілдерді дамыту басқармасы бұл шараны ұйымдастырушы ғана.

Бүгінгі күнге дейін Түлкібас, Созақ, Қазығұрт, Сайрам аудандары мен  Арыс, Шымкент қаласының шенеуніктері «қазтест» тапсырып шықты. Сонымен бірге, облыстық табиғи ресурстар, туризм, дене шынықтыру және спорт, кәсіпкерлікті дамыту, мұрағат басқармаларының қызметкерлері  де қазақ тілін қаншалықты білеғтіндіктерін көрсетіп шықты.

Тест тапсыру бүгін, ертең де жалғасады. ОҚМУ-дың 312,340 аудиторияларында оңтүстіктің шенеуніктері қазақ тілінен тест тапсыруда

 

мемқызметкерлер қазақ тілінен тест тапсыруда