Аударыспак
Аударыспак
Аударыспак

Шымкенттік шабандоздар ұлттық ойындардың республикалық фестиваліне дайындық үстінде.  Мақсат – алтын медальға қол жеткізу.

Ол үшін демеушілердің көмегімен жаңа сәйгүліктер де сатып алынған. Жақында облыстық бюджеттен екі ат сатып алынса, жуырда ғана қалталы азаматтардың қолдауымен   шымкенттік шбондоздар 30 мың АҚШ доллары тұратын атқа  мінді.

Сәйгүліктеріміз түгелденді. Енді алдағы жарыста алтыннан алқа тағамыз деп үміттеніп отырмыз,- дейді Ақылбек Манкеев.

Ұлттық ойындардың үшінші фестивалі Өскеменде жалауын көтермек. Республикалық жарыста ұлттық ойындардың тоғыз түрінен спортшылар сынға түсетін болады. Аударыспақтың палуандары да ат үстінде белдеседі.Облыс намысын биылғы ел чемпионатының жеңімпаздары қорғайтын болады. Жеңісті қолдан жібермейміз дейді жерлестеріміз. Теңге ілу спорт түрінің де жастары жүлделі болуды жоспарлап отыр. Өйткені еліміздің барлық облыстарынан жиналған үздіктердің арасынан топ жару үлкен мәртебе екені даусыз. Оның үстіне бұл дода Асанбай Асқаровты еске алуға арналған халықаралық жарыс алдындағы дайындық деуге де болады.

Қараша айында Асанбай Асқаровты еске алуға арналған турнир басталады, – дейді Ғани Ахметбаев.

Республикалық фестиваль осы айдың 20 на бастауын алып, бес күнге жалғасады. Ал ұлттық ойындарды шымкенттіктер өз көзімен қараша айында өтетін халықаралық турнирде орталық ат шабарда тамашалай алады.