Атырау мұнай өңдеу зауыты ОҚО кадрлар іздестірді

оңтүстікқазақстандық студенттер жоғары жалақы алғысы келеді

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жоғары жалақы мен жарқын болашақ оңтүстікқазақстандық студенттерді қызықтырмай қоймады. Өндіріс орнында жаңа химиялық кешен тұрғызылуда. Мұнайшылардың айтуынша бұл екінші зауыт іспетті. Сондықтан болашақта мамандар мұнда да аса қажет. Атыраудан келген қонақтар біздің түлектерді жаңа жұмыс орнының да келешегі кемел болатынына сендіріп отыр.
Жұмыс берушілер біздің түлектердің замани қондырғыларды игеріп, еңбек нарығында бәсекелестікке қабілетті бола алатынына сенімді. Өйткені 20-ға тарта оңтүстікқазақстандық түлектертер осы кәсіпорында сәтті жұмыс жасап келеді. Студенттер карьерасын Атырау мұнай өңдеу зауытынан бастауға қуанышты, тек оңай болмайтынын мойындайды.
Тәжірбие уақыт өте жиналады деп сенеді мұнайшылар. Тек жұмыс істеуге деген құлшыныс болса жетіп жатыр. Оған қоса шәкірттердің еліміздің мұнай өңдеу зауыттарындағы өткізген өндірістің тәжірбиелер де көмектеседі. Келер жылы Атырау мұнай өңдек зауытынің өкілдері 4 мамандық бойынша 100 түлекті қабылдауға дайын.