Қызылордада өткен ел чемпионатында шымкенттің палуандары топ жара білді. Бүгін ұлттық спорт түрлері мектебінің басшылығы чемпиондарды арнайы құттықтап өтті. Қазақ күресінен республикалық турниде ұлттық спорт түрелір мектебінің екі шәкірті облысымызға алтын медальды сыйға тартты. Олар Қасымхан Түгенбай және 57 келі салмақтағылар арасында Дәулет Қасымбекұлы. Ал Жолдасбек Бектұрсынов күмістен алқа тақты. Командалық есепте жерлестеріміз бірінші орыннан көрінді.
Дәулет Қасымбекұлы, ҚР чемпионы: «Қарсыластарымыз оңай болмады. Бірақ жеңіске жетуге талпындық. Бапкердің жоспарын орындай білдік. Ендігі мақсат алдағы халықаралық турнирге дайындалу. Бүгінде дайындыққа қайта көштік.»