ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК бүгін таратқан ескертуге назар аудартады. — ҚазАқпарат
28-29 ақпан күндері жауынның түсуімен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аумақтарында қар көшкіні болуы ықтимал.
ТЖД қала тұрғындары мен туристерден таулы аумақтарға серуендеуге және саяхаттауға шықпауды сұрап отыр.
Осы кезде Оңтүстік Қазақстан облысындағы аласа таулардағы өзендерде жылымық пен болуы мүмкін жауын-шашынға байланысты тасқындар күшейіп, су басуы мүмкін деп хабарлайды. Бұл күндері Шардара су қоймасына секундына 1400-1450 текше метр шамасында су келеді деген болжам бар.
Оңтүстік өңірінде Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген өзендерінде мұз құбылыстарына байланысты су деңгейлерінің ауытқулары байқалады.