«Неге облыстық қан орталығы барлық анализдерді жасай алмайды?» Осындай сұрақмен соңғы уақытта хабарласушылардың саны артты. Бұл мәселенің мән-жайын білу үшін қан орталығына барған едік. Бұл сауалдың жауабын білумен бірге орталыққа жақында ғана әкелінген жаңа қондырығымен де танысуға мүмкіндік алдық. «Кобас» құралы дәрігерлердің адам бойындағы В және С гепатиті вирусын, сонымен бірге ВИЧ инфекциясының 3 түрін небәрі жұқтырғаннан 3 күннен кейінгі кезеңдерінде-ақ тез анықтай алады.
Жаңа қондырғы енді ғана қорабынан шығарылды. Жеткізуші компанияның өкілі Әнуар Ботабаев құралдың жұмыс жасауға қаншалықты дайын екендігін тексеруде. Жаңа қондырғыны орталық дүйсенбіден бастап іске қосып, пайдаланады. Бұл аппарат арқылы 5 вирусты, жұқтырған бастапқы кезеңнен анықтауға болады.
Енді біздің қан орталығы қондырғы жағынан Еуропаның заманауи зертханаларынан кем түспейді, дейді біздің дәрігерлер. Құны 200 мың еуроға бағаланатын қондырғы тегін әкелінген. Алайда аппарат реагентсіз жұмыс істемейді.
Дәрігерлермен бірге реагентті бүйрегін алмастырған 30 науқас күтуде. Бұл күту пациенттердің денсаулығына зиян келтірмейді дейді ақ халаттылар. Алайда дәрігерлер оның қашан әкелінетінін айта алмайды. Өйткені денсаулық сақтау басқармасы реагенті сатып алу бойынша тендер әлі өткізген жоқ.