Абай ауданы әкімінің жұмысы оң бағаланды

268

2011 жылдың ортасында Абай ауданының әкімі Берік Әлзақовты алмастырып аудан әкімінің қызметіне тағайындалған Жамбыл Байғонов Ауданда атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, әр салаға толығымен тоқталып өтті. Абай ауданы-Шымкент қаласындағы көлемі және халық саны жағынан ең үлкен аудан.

Аудан аумағында ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын 185 шаруа қожалығы, 15 өндірістік кооператив, 4 ЖШС бар. Қаладағы өзге екі ауданға қарағанда, мал басы да осы ауданда 17466 уақ, 13о16 ірі қара бар. Бұдан бөлек, әрбір отбасы дерлік мал ұстайды. Содан да болар, жарыссөзге шығып сөз алған ауыл ақсақалдарының тілектері сол төрттүліке қатысты болды.

Қазығұрт шағын ауданындағы күрмеуі көп күрделі мәселенің бірі білім ошақтарын жаңарту. Әсіресе, Құрсай елді- мекенінде тұратын 1000-ға жуық отбасының балаларына №49 мектепті кеңейтуді сұранды. Бұл өтініштерін әкімнен бұрын өздері сайлаған депутатқа жолдады.

2012 жылы Абай ауданының әкімдігі өз жұмыстарын негізгі 10 бағыта жүргізбек. Аудан әкімінің жұмысына оң баға берілді.