Оңтүстік өндіріс көлемі мен өнеркәсіп саласында республикада озық келеді

233

Бұл туралы сейсенбі күні облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Өткен жылы жаңа кәсіпорындардың ашылуы мен өндірістердің өрлеуі арқасында 14521 жұмыс орнын ашқан өңіріміз қазір көш басына шыққан. Облыста құрылған бір ғана Оңтүстік индустриалдық аймағында құны 5,8 млрд. теңгені құрайтын 31 жоба іске асырылуда.

Индустриалдық аймақтағы жобалардың есебінен 2000 жұмыс орны ашылып, жылына 800 млн. теңге салық түсімі болады деген жоспар бар. 2011 жылы 2,6 млрд. теңгеге 7 жаңа инвестициялық жоба іске асқан. Қалған инвестициялық жобалар 2012\13 жылдары жүзеге асырылады. Үстіміздегі жылдың жарты жылдығында 2 жоба аяқталады. Оның құны 237 млн. теңге.

2011 жылы облыстағы жер қойнауын пайдаланушылармен және оны дамытуға жасалған инвестиция 2 млрд. 127 млн. теңге болды. Соның арқасында 1700 жұмыс орны ашылды. Жер қойнауын пайдалануда заңды бұзғандарға жер қойнауы және геология инспекциясы тарапынан 968 млн. теңге әкімшілік айыппұл салынған. Биылғы жылы да бұл жұмыс қатаң бақылауда болмақ.  Себебі, өзен жағасын кеулеп табиғатқа залал келтіретіндермен күресті күшейтпесе олардың қатары күн санап көбейері сөзсіз.