Шымкентте көлік құны аспандап тұр

361

Шымкенттегі көлік базарына бара қалсаңыз, ондағы сатылымға қойылған теміртұлпарлардың саны мен түрінен көзіңіз қарығады. Егер Ташкент тасжолы бағытындағы сол бөлікке назар салсаңыз, бағасы төмендеу көлікті кездестіре аласыз. Мәселен, 17-18 жылдан бері бірнеше мың шақырымды бағындырып жүрген атақты Опель-Вектра көлігін 5-6 мың АҚШ долларына алуыңыз мүмкін.

Ал жолдың арғы бетіне өтсеңіз, мүлдем басқа мекенге тап боласыз. Сәні мен сымбаты келіскен көліктердің құны да өзіне сай. 70-80 мың не болмаса 90 мың доллардың көлеміндегі қаржыны қалтаңыз көтеріп жүруі тиіс. Әрине, мұндай көліктер жалпы тұрақтан бөлек тұрады. Шыққан жылы мен сәулеті қызықтырар көліктер арнайы қоршалған аймақта тұрады.

Кедендік Одақ жұмысына дейінгі және кедендік рәсімдеу кезіндегі жеңілдетілген бағалардың қайта келмесі анық. Егер, сатып алушы бағаның қымбаттығына шағымданса, сатушы көлігін қымбат нарықпен пұлдауға құмбыл. Мерседес көлігінің иегері бұл нарықтық ахуалға наразы.

«Көлігімді қымбат сатып алып, енді арзанға сатпақпын. Өйткені, сауда жоқ. Жылдың қаңтар мен ақпан және наурыз айлары әдетте саудадан маза кететін кезең ғой»,- деп наразылығын да білдірді ол.

10-12 жыл айдалған, салоны мен доңғалағы жақсы седан немесе хечбек көліктері болса, 10 мың АҚШ долларынан басталады. Сатылымға түскен бұл көліктердің көпшілігі Қазақстанға бұрыннан-ақ әкелінген. Дегенмен, алыпсатарлар үшін де жұмыс жетерлік. Тек олардың географиясы өзгергені болмаса.

Сатушы: «Көліктерді Прибалтика мен Белорустан тасымалдауда. Ал Германиядан әкелінген көліктерді екінің бірі ала бермейді. Қымбат. Өйткені, олардың кедендік рәсімдеуіне жоғары құн төленеді».

Базарға келген әрбір ниетті ұнатқан теміртұлпарын алуына болады. Тек қалтасына қарай көсіліп, тиісті сомманы төлесеңіз көлік сіздікі.