Көлік бағасында айтарлықтай өзгеріс жоқ

408
көлік базар

Шымкентте мінілген көліктің құны оның шыққан жылына байланысты. Сондай-ақ, техникалық ахуалы да басты рөл ойнайды.

көлік базар
Көлік базары

Мысал үшін айтсақ, ескі «Ауди А 6» көлігінің бағасы 9 мың АҚШ долларынан басталады. Ол қазіргі бағам бойынша 1 миллион 600 мың теңгеге жетіп жығылады. Мұндай бағамен орта санаттағы көлікті сатып алу екінің біріне бұйыра бермейді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=NAuLIeY3QsI[/youtube]

Фарух Асатов көп жылдан бері көлікті алып-сатады. Өз кәсібінің қыр-сырын меңгеріп алған ол тұтынушының көңілін қалай аулау керек екенін жақсы біледі. 2010 жылы шыққан «Хюндай I 30» көлігін Фарух базарға осымен үшінші рет әкеліп отыр. Көлік бағасы арзан емес – 17 мың доллар. Әзірше доллар қымбаттады деп, көлік бағасын өзгертуді ойламапты. Өйткені көлік базарында таңдау көп.

автосалон
Автосалондағы жаңа көліктер

Ал Шымкенттің кейбір автосалондары тұтынушыларын жоғалтып алмау үшін жеңілдікке барып отыр. Сол себепті доллар бұрынғы баға 156 теңгемен есептеп, көліктен үйреншікті бағасында сатылуда.

Сонымен, саралайық. Мінілген көлік пен жаңа көліктің айырмашылығы жер мен көктей емес, бұрынғыдай. Ұсталған, орта санаттағы көліктің бағасы 1 миллон 870 мың теңге болса, су жаңаларының құны 3 миллион 120 мың теңге аралығында. Екеуінің арасындағы айырмашылық 1 миллион теңге аралығында. Бұған қоса автосалондар көліктің құнын бөлеп төлеуге де береді. Ендеше, таңдау тұтынушының қалтасына байланысты.