Облыстық балалар және жасөспірімдер орталығының жеке мұражайында 20-ға жуық түрлі ұлттық орталықтар жұмыс жасайды. Ал басшылық ұжымы оқушыларды өзге ұлттардың мәдениетімен, әдет-ғұрпымен таныстыру мақсатында «Қазақстан халықтарының музыкалық аспаптары» атты жыл сайын лектория өткізіп отырады.
Осыған орай қаламыздағы №44 Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте түрік және неміс ұлтының өкілдерімен кездесу кеші өтті. Қонаққа музыкалық аспапта ойнайтын отбасылық ансмабль мүшелері арнайы келді. Олар әр аспапқа жеке-жеке тоқталып, оның қандай ағаштан жасалатынын айтып, бірнеше аспапта ойнап берді.
«Қазақ пен түрік ұлтының музыкалық аспаптарында ұқсастық бар. Оған біз бұл лекторияда көз жеткіздік. Және көптеген мәліметтере қанық болдық»,-дейді оқушылар.
«Қазір елімізде қазақ тілін үйренуге бағытталған айлық өтіп жатыр. Балалар және жасөспірімдер орталығының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанына қарамастан біз іс-шараларды ойдағыдай атқарып жатырмыз. Өткен жылы кәріс, славян және татар ұлттық орталығының ұжымы бар өнерін көрсетіп, көрме ұйымдастырған болатын»,- балалар және жасөспірімдер орталығының директоры Наталья Романова.