Жиһанкез 65 жыл бойы жанына серік еткен велосипедін мұражайға сыйлады

34

Велосипедімен әлемнің біраз елін аралаған жиһанкез Кеңесбек Сейдімбек Түркістан облысы, Ордабасы ауданына келіп, халықпен кездесті.

Жиында қарт спортшы велосипед жүргізу денсаулыққа пайдалы екенін, қалалар мен мемлекетерді аралау барысында дүниетанымы кеңейгенін атап өтті. Сондай-ақ, ол 65 жыл бойы жанына серік еткен велосипедін Қажымұқан музейіне өткізді.

Айта кетерлігі, қорға өткізілген велосипедпен спортшы бұған дейін қасиетті Мекке мен Мәдинаға, Ауғанстан, Ресей, Өзбекстан елдеріне барған. Енді бұл велосипед құнды жәдігер ретінде жұртшылық назарына ұсынылатын болды.

Мөлдір Ибадуллаева