Балалар үйі мен бейімделу орталығы қайта құрылды. Мұндай қаулыға ОҚО әкімі қол қойды. «Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік оңалту орталығы» мен «ОҚО кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығы» енді ОҚО білім басқармасы «Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығы» деп аталатын болды.
Бұл бюджеттік қаржыны үнемдеу мақсатында жасалынған іс. Билік басындағылардың мәлімдеуінше, 2 ұйым бір мақсатта жұмыс істейді. Яғни, балаларға көмек көрсету. Сондықтан, 2 ұйым болуының қажеті болмай тұр.