Облысымыздан сыртқа шығарылатын және әкелінетін барлық мал еттері қатаң бақылауға алынады. Жамбыл облысы мен шекаралас Шақпақ ауылына арнайы бекет орнатылды. Ол жол полициясы қызметкрелері мен ветеринария саласының мамандарының арасындағы екі жақты мемарандум арқылы іске асты.
Жамбыл және Алматы облыстырында аусыл ауруының 7 ошағы тіркелді. Оның 4 Алматы өңірінде 3-і Жамбыл облысында. Бұл тұтынушылардың ет өнімдерін сатып алуда сақтық танытуға шақыратын басты себеп. Біздің ОҚО ветеринарлары барлық сауда орындарындағы мал етерін қатаң бақылауға алды. Арнайы орындарда сойылмаған бірде бір мал еті базарларға кіргізілмейді. Қара малдардың басы жан жақты тексеруден өткізілгенен кейін ғана сатуға рұқсат беріледі.
Бұл жәйттен кейін Алматы, Жамбыл, ОҚО және Қызылорда облыстарынан басқа өңірлерге ет шығаруға уақытша тиым салынды. Мамандардың мәлімдеуінше, Қазақстанды қауіпті мал ауруының пайда болуы шекералас мемлекетерден контрабандалық жолмен малдың әкелінуі себеп. Өйткені, өткен жылы көршіліс қырғыз елінде осы індетің үш ошағы тіркеліпті.
ОҚО ветеринария инспекциясы Маи қызыметкерлерімен бірлесе отырып мал етерінің арнайы көліктермен тасымалдауын қатаң бақылауға алды. Тек қатаң талап қана өңірімізге қауіпті індетің кіруіне тосқауыл болады дейді мал дәрігерлері.