Шымкентте үй жануарларына тегін егу жұмыстары басталды

316
мал дәрігерлері жетіспейді

Оңтүстікте наурыз айынан бастап қаладағы төрт түлік малға аса қауіпті жұқпалы аурулардың 15 түрін алдын алу мақсатында егу жұмыстары басталады. Сондай-ақ, 25 түрлі ауруға диагностика жұмыстары жүргізіледі.

мал дәрігерлері жетіспейді

Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 78 млн теңге бөлінген. Айта өтейік, соңғы уақытта Шымкентте мал саны өсіп отыр. Бұған қала аумағында 40 елдімекеннің қосылуы да себеп болып отыр.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қала халқында 64 мың ірі қара, 124 мың ұсақ және 6 мың жылқы мен 9 мың шошқа тіркелген.

Ветеринар мамандардың мәлімдеуінше, жыл сайын жүргізілетін шаралардың нәтижесінде қауіпті аурудың тіркелуі кеміген. Өткен жылы қала бойынша 109 ірі қарадан, 115 ұсақ малдан бруцеллез, яғни, сарып ауруы анықталып, жойылған.