Араб елі Түркістан облысындағы 100 мұқтаж отбасыға ет таратып берді

357
Фото Төле би ауданы әкімдігі

Құрбан айт мерекесінде Кувейттегі ислам қайырымдылық ұйымының Азия комитетінің басқармасы Төлеби ауданында қайырымдылық шарасын өткізді. 100 мұқтаж отбасыға арнап 20 қой сойылып таратылды.

Мал еті теңдей бөлініп, әкімдік қызметкерлерімен үйді-үйге жеткізіліп берілді. Қайырым мен мейірім мерекесінде осылайша мұқтаж жандардың алғысына бөленді.