Құлақ түріңіз!
Егер Сіз:
— жұмыс беруші тарапынан зәбір көріп жүрсеңіз;
— еңбекақыңызды дұрыс есептемеді деп ойласаңыз;
-себепсізде жалақыңызды уақтылы бермей жүрсе;
— еңбек еткен күндеріңіздің есепке алынбағанын байқасаңыз;
-жұмыстан негізсіз қуылсаңыз…
Онда Отырар.kz ақпарат-порталы арқылы өтетін online-сұхбат Сіз үшін.
Наурыздың 1-і, сағат 15.00-де өтетін онлайн-сұхбатқа ОҚО бойынша Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Бастар ЕСҚАРАЕВ қатысады. Жоғарыда айтылған мәселелерге орай сауалдарыңыз болса сол күні немесе алдын ала мына мекен жайларға хабарласып жолдай аласыз. kazrabat@otyrar.kz er-jami@mail.ru – электронды пошталарына жолдай аласыз. Болмаса осы бетте де, пікір калдыру орнына сұрағыңызды жазып қалдырыңыз.