Еңбекті қорғаудың проактивті тәсілі

28

25 мамырда «KIOSH 2023» 11-ші қазақстандық халықаралық еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрменің халықаралық және ұлттық сарапшылары «Халықаралық стандарттарды орындау және еңбек жағдайының сапасын арттыру; Деректер базасын интеграциялау есебінен ұйымдарда еңбекті қорғау саласындағы проактивті мемлекеттік бақылауды күшейту; Жұмыс берушілерді экономикалық ынталандыру шараларының тиімділігін арттыру»-Тұжырымдамасына қатысты ұсыныстарын талқылап, енгізеді деп күтілуде.

Тұжырымдаманың жаңа бағыттары шеңберінде еңбекті қорғау, оның ішінде кәсіби тәуекелдер саласында басқарудың проактивті форматын енгізу жоспарлануда. Мұны Еңбекті қорғаудың цифрлық картасын, отбасының цифрлық картасына ұқсас, кәсіптік тәуекелдер бойынша кәсіпорындардың дербестендірілген базасын құру арқылы іске асыру ұсынылмақ.